Қобыз өнерінің тарихи бастауы және даму кезеңдері

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11  >  >>

лем иелері. Аспаптың қалыбы ашық бақырша түрінде, одан бақсының шақыруымен рухтар ұшып шығады – ол ортаңғы әлем. Төменгі әлем қобыздың қалыбының ішінде орналасқан, оны «төменгі сулар деп атайды. Қазақ мифтерде әлем үшке бөлінеді –жоғарыда перілер, олар белбеуді басынан буынады, ортаңғы- адамдар біз, белбеуді белімізден буынамыз,ал жер асты әлемдегі адамдар- белбеуді аяғынан буынады деленеді» -деп өз еңбегінде С. Өтегалиева тұжырымдайды. Мүмкін қобызды алғаш жасаған адам осы сенімге негізделген болар. Қазақ халқының музыкалық аспаптары мен ұлттық әуен-сазының тамыры, соларға байланысты салт-дәстүрінің философиялық мәні тым тереңде жатыр. Сондықтан, аспаптар ғана емес, орындаушылар да халық мұрасын зерттеушілердің назарынан тыс қалмады.
«Қобыз өнерінің толық сипаттамасын анықтау үшін музыкалық тілінде тән заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау қажет. Бұл бағытта саз өзгешіліктерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі ережелері (этногенезистік, процестері ) тарихта болған елеулі оқиғалар мен сан-алуан құбылыстардың әсері мен ғасырлар бойы бақсылық дәстүрінің шеңберінде жетілгенін байқатады»-деп жазады профессор С. Күзембаева.
Сөз орайында қобыз мүшелерінің атауларын келтіре кетудің де артықтығы жоқ. Қобыздың «құлағы», «мойыны», «белі», «шанағы», «ішегі», «бүйірі», «сірісі», немесе «көні», «тиегі» деген атаулары бар. Ал, шалып тартатын бөлігі ел ішінде «қияқ», «садақша», «ысқыш» деп әр түрлі аталады. Қазақтың дәстүрлі ұғымында «нарқобыз», «қылқобыз», «жезқобыз», атаулары «қара қобыз», «бүйірлі қобыз», «айналы қобыз», «сылдырмақты қобыз» деген сияқты, қобыздың бітіміне, әшекейіне орай айтылған. Бұл атаулардың қай-қайсысы да әрдайым қобыздың дыбыстық ерекшелігін білдіреді. Демек, қобыз аспабы осы күнге дейін қазақта ілкі, байырғы түрінен айырықша өзгермей пайдаланы

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: