Қобыз өнерінің тарихи бастауы және даму кезеңдері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қобыз өнерінің тарихи бастауы және даму кезеңдері.
Зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қобыз жайлы берілген мәліметтер.
Қазақтың музыкалық мәдениеті ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан өзіндік айшықты белгілермен, ерекшеліктерімен сипатталатын төл мәдениет. Белгілі археологтар мен ұлттық мәдениетті зерттеуші ғалымдар, Орта Азия мен Қазақстанда көптеген музыкалық аспаптардың шыққан жері, өрбіген мекені деп пайымдайды. Белгілі зерттеуші А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» атты еңбегінде былай деп тұжырымдайды: - «Белгілі археолог - ғалымдар
С. И. Руденко (1885-1969) және М. П. Грязнов бірге 1947-1949 жылдары қазба жұмыстар жүргізіп, ғасырлар бойы өмір сүрген көшпелі тайпалардың мәдениетіне қатысты ғылым үшін бағалы заттық айғақтар тапқан. Сол айғақтардың ішінде қобыз аспабы ерекше орын алады . Қос ішегі және қос құлағы бар қобыздың биік жасалған тиегі шанақ бетіне керілген сірі көнге орнатылған. Мұның өзі аталмыш қобыздың жасалуы қазіргі қазақ қобызының жасалу тәсіліне ұқсас екенін аңғартады»
Белгілі ғалым В. О. Виноградов бұл сияқты айғақтарға сүйене отырып: «Орта Азия ыспалы аспаптардың отаны болған»- деп жазады.
Археологиялық қазбаларда музыкалық аспаптардың тасқа, сазға, металлға, қабырға суреттеріне түскен бейнелері кездесіп, аспаптың қалай қолданылатынын да аңғартады. Төл топырақта, туған ғылыми еңбектерде түркі халықтарының музыкалық мәдениетіне қатысты жазба ескерткіштерінде тарихи, ғылыми және әдеби еңбектерінде : Әл-Фарабидің (870-950) «Музыканың ұлы кітабы» («Китаб әл –мусики әл-кабир» ), Әбу Әли Ибн Синаның (980-1037) «Айығу кітабы» («Китаб әш –шифа»), Әл Хорезмидің (787-850) «Ғылымдар кілті» («Мафатик әл-үлүм»),Ж. Баласағұнның (1021-?) «Құтты білік», «Музыка ғылымындағы әуендер жинағы», т. б. көптеген этнографиялық материалдардың молдығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: