Қоғам және мен

Страницы: <<  <  1 | 2

лтеу беруден аулақпын. Оны орындап жүрген неше түрлі қызмет орталықтары бізде жетерлік. Менің айтқым келетіні, бір адамның барша мәселеге қандай қатысы бар, оны шешуде қандай орын алады, немесе қандай орын алуға тиіс екендігін шешіп алғым келеді. Өйткені сол адам дегеніміз сіз бен біз. Сіз де, мен де күнделікті күйбең тіршілікпен өмірде болып жатқан жақсылық пен жамандықты, апаттарды, соғыстарды елеп ескермек түгілі, кейде тіпті білмей де қалатынымыз рас емес пе? Әрине біздер оның бәрін біле беруге тиіс те емеспіз. Бірақ, бұл Жер бетінде нендей құбылыс болса да, ол Жердің әр бір адамына қатысты деп ойлаймын.
Жеке басым тек ана болғалы ғана соңымыздағы ұрпаққа не қалдырамыз деп ойлана бастадым. Баланы дүниеге әкелу, асырап сақтау, өсіру, тәрбиелеу былай тұрсын, ол баланың да толыққанды тіршілік етуіне, өз ұрпағын тәрбиелеуіне жағдай жасауымыз да қажет емес пе? Ал қазіргі өмірге қарап кейде: "Ей адамзат, бүгінгі күннен басқа күніңді ойламаймысың!" дегің келеді.





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: