Қоғам және мен

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы: Қоғам және сен.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоғам түсінігімен таныстыру. Қоғам мен адам арасындағы байланысты түсіндіру.
Оқушылардың қоршаған ортасы жайлы түсініктерін жетілдіру.
Қоғамды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабатың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
ІІ. Негізгі бөлім:
" Қоғам және сен" тақырыбына толғаныс:
"Сені не толғандырады" деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз? Мысалға, мені қоршаған ортаның ластану мәселесі, көп елдерде болып жатқан табиғи апаттар, соғыстар, терроризм, байлық пен кедейлік, яғни адамдардың әлеуметтік жағдайының тым әр түрлі болып бара жатқандығы, тағысын тағылар уайымдатады. Сізді де сол сұрақтар мазалайтын шығар деп ойлаймын. Сонда сіз бен біз не істеуіміз керек? Бар мәселені, әрине, жалғыз адам шешпейді. Ал "көппен көрген ұлы той" деп, әрқайсымыз басымызды мойнымызға тығып отырсақ, онда жағдай ұшыққан үстіне ұшығары анық. Сонда не істемек керек? Қалай жүріп жол табамыз? Меніңше, әр адам өзіне тиесілі істі тыңғылықты орындап, өз басына жауап беретін болса, қоғам тек іскер, жауапкершілікті адамдардан құралса, көп мәселе өздігінен жойылушы еді. Бірақ кілең бір ойлы адамдарды қайдан табарсыз? Оны қойып, бес саусақ бірдей емес деп бір үйдің балаларын да алалап жатады. Ендігі жерде көпшілікті былай қойып, өзімнің жеке басым не бітірдім деп сұрасам, ауыз толтырып айтатын еш қызметім жоқ екен. Сондықтан тым құрығанда өз ойымды қалың жұртқа паш етейін, мүмкін біреулер келісер, кейбіреулер қарсы болар, бірақ не болса да бір толғаныс туса, жақсы ойлар су түбіндегі асыл тасқа ұқсап су бетіне шығар, көрінер деп үміттеніп, осы ой толғанысын тудырып отырмын. Сонда мен сізге терроризмге қарсы былай күресіңіз, ал зілзаладан былай сақтаныңыз деп сі

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: