Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
 технологиялық картасы
Тақырыбы: "О" дыбысы және онын таңбасымен таныстыру
 Мақсаты: О әрпімен таныстырып, басқа әріптерден ажырата білуге,дұрыс айтуға және "О" дыбысынын дұрыс артикуляциялауға меңгерту. Л әрпінің сөздің басында, ортасында, соңында келетінін түсіндіру. Ұсынылған сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру мақсаты көзделеді. 
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, текшелер,слайд, т. б. 
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ-жауап. 
 Іс - әрекет кезеңдері. 
 Тәрбиешінің іс - әрекеті
 Балалардың 
 іс - әрекеті
Мативациялық қозғаушы
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
 Шаттық шеңбері:
Бақыт деген осы шаттық шеңбері,
Қол ұстасып тұрайықшы кел бері. 
Бақыт деген көрмей қалса сағынып,
Мен іздейтін адал жүрек сендегі. 
Ұйымдастыру
шылық- іздену
шілік
Тәрбиеші:
Балалар қазір бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Алдымен біз сендермен өткен әріптерді еске түсіріп алайық. Ең бірінші қандай әріп өттік? Кім айтады?
А,Т,Н,П,Ғ,Р. Л,Ш,У,Ш,Й(мысалы)слайд сөз құрау
 Жаңа әріппен танысамыз: 
Таныспас бұрын менің жұмбағымды мұқият тыңдаңдар. 
 Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен, 
Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен, 
Ішіне қарын-қарын суды құйып, 
Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен?(Ожау)
Дұрыс айтасыңдар, олай болса, ожау сөзін айтып көрейікші. "О" дыбысы қалай айтылып тұр? "О" дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі,ал мынау жазба түрі. 
Айтылуына назар аударайық: Ерніміз дөңгеленіп келеді, жуан дыбыс. "О" деп айтамыз
О дыбысына дыбыстық артикульяция жасау. Кедергімен бе ,әлде кедергісіз 
		Страницы: 1 | 2 > >>
