" күйі қай қазақ киносында орындалады?("Қыз Жібек")
5. Бүгінде Н. Тілендиевтің "Отырар сазы" оркестрін кім жетекшілік етеді? (қызы Дінзухра Тілендиева)
6. Н. Тілендиевтің өзі домбыра тартудағы ерекшелігі қандай? (солақай тартады)
7. Н. Тілендиев күйлерінің құрылымы және орындалу ерекшеліктері қандай ?( күйлерде төкпелетіп тарту да бар, солай бола тұра күйдің дамуы шертпе шеңберінен шыға қоймайды, күйдің техникалық орындалуы көрнекі тәсілдерді (қолды ойнатып түрлі қимылдар жасап тарту) көбірек қолдануды керек етеді)
Сабағымызды қорытындылай келе тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың сөзімен толықтырғым келеді: "Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; онда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман - мақсатымен сабақтас"
Бағалау.
Үй тапсырмасы: Өткен күйлерді қайталау
Сабақты анализдеу
:: Құраст. С. Әбдірайымұлы. -(Қаһарман-Нұрғиса: Очерктер,поэмалар, эсселер, өлең жылдар) Алматы: Санат, 1999
:: Құр. С. Тілендікеліні. - (Ғасыр сазын тербеген: Нұрғиса Тілендиев естеліктер) / Алматы: Білім, 2007. -(Әдеби мемуарлар).
Страницы: << < 1 | 2 | 3