Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, күй орындау мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың аспапта ойнау шеберліктерін, есте сақтау, ойлау, музыканы қабылдай, тыңдай білу қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық қасиеттерге, қазақ халқының өнерін қастерлейтін азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, іздендіру, аспапта орындау.
Сабақтың көрнекілігі: Н.Тілендиевтің портреті, аудио жазбалар, слайдтар, ұлттық аспаптар.