р өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Жаздық дәнді дақылдарды себу кезінде және олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, әсіресе, азот тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу) өсімдік тез және жақсы өседі. Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі және егін түсімі кемиді.
Денсаулық тобының 1 спикері: Топырақта нитраттар артық мөлшерде болғанда, олар толығымен өңделмейді, өсімдік өнімдерінде жиналып адам және жануар организмдеріне түседі. Асқазан-ішек жолында нитраттар азотты қышқылдың тұздарына-нитриттерге айналады да, организмді улайды. Нитриттер гемоглобинмен әрекеттесіп, метагемоглобин түзеді де Ғе (ІІІ) дейін тотығады. Бұл зат тыныс алу орталығына зардабын тигізеді, Өйткені ол оттекті тасымалдауға қабілетсіз.
2спикер: Адам ағзасына нитраттар тамақ арқылы түседі. Нитриттер мен
нитраттарды дайын өнімдерге де қосады, мысалы кептірілген немесе пісірілген
шұжықтарға қосады. Көкөністер мен жеміс-жидектер құрамындағы нитраттар
мөлшеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
Құрамында нитраттар аз(10-80мг):бұршақ,қымыздық,
бұрыш,брюссель капустасы, картоп, жуа, жеміс -жидектер
2. Нитраттар мөлшері орташа (80-300мг):кәді, шалқан,
асқабақ, түсті және ақ капуста, сәбіз, қияр, желкек
3. Нитраттар мөлшері жоғары (300-600мг): қызылша,
көк жуа,қауын-қарбыз.
3 спик
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>