их еңбегінің арқасында селитра ауыл шаруашылығына пайдалы және көп мөлшерде қажет екендігі анықталды. Чилидің Атакама шөлінде өсімдіктер мен жануар қалдықтарының мыңдаған жылдық ыдырау процесінің нәтижесінде селитраның қоры жинақталды. Анализ көрсеткеніндей «Чили селитрасы » бұл- құрамында құм және балшық, натрий хлориді және сульфаты қоспасы бар натрий нитраты. «Чили селитрасының » қызықты ерекшелігі оның құрамында натрий иодатының болуы. Селитра қорынан натрий нитратын алу үшін, ыстық суда ерітіп, кейін ерітіндіні сүзіп және салқындатады осының нәтижесінде натрий нитраты тұнбасы алынды және тыңайтқыш ретінде сатылымға шығарыла бастады. 19 ғ Чили өзге аймақтарды селитрамен негізгі қамтамасыз етуші болды.
Норвегиялық химиктер жергілікті арзан энергияны пайдалана отырып, басқа әдіспен тыңайтқыш алды. Олар ылғал ауаны электр доғасынан өткізіп, азотты байланыстырудың табиғи процесін жүргізді. Осыдан ауадан алынған 1 шамасындағы азот қышқылын ізбеспен әрекеттестіру арқылы Са(NO3) 2 кальций нитратына айналдырды Бұл зат «Норвегиялық селитра» атауына ие болды.
Химиялық қасиеттері.
1. Сілтілік металдардың нитраттары қыздырғанда нитриттерге және оттекке ыдырайды
2КNO3 2KNO2O2
Интернет сайттарынан лабораториялық жұмыс көрсетіледі
2. Электрохимиялық кернеу қатарында магний мен мыс арасында орналасқан металдардан түзілген нитраттар металл оксидіне, азот(ІҮ) оксидіне және оттекке ыдырайды:
2Pb(NO3)22PbO4NO 23O2
3. кернеу қатарында мыстың оң жағында тұрған ниттраттар бос металға, азот (ІҮ) оксидіне және оттекке ыдырайды:
2AgNO32Ag2NO2 O2
Қолданылуы.
Натрий және калий нитраттары шыны қайнатуда, тағамдарды консервлеуде қолданылады.
Оқ дәрі алу үшін калий нитратынан, күкірттен және көмірден тұратын қоспа жасайды.
Күміс нитратын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>