"Әніміз бар тамаша" балабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
Ортаңғы "Көбелек" тобында ұйымдастырылған музыкалық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: "Музыка"
Тақырыбы: "Әніміз бар тамаша!"
Мақсаты: балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру; әнді мұқият тыңдай отырып, сипатын ажырата алу, бірге ән салу, ән ырғағын дәл сақтап орындау дағдыларын жетілдіру; әнге деген қызығушылықтарын ояту; музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: салыстыру, сәйкестендіру, "ой қозғау", миға шабуыл, топтық жұмыс, дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: ойынға арналған үйлер және суретті алмалар (слайд), "Әнші төлдер" макеті, "Көңілді шарлар".
Билингвизм: ән - песня, әнші - певец, ақын - поэт, сазгер - композитор
Музыка жетекшісінің іс - әрекеті
І. Бастапқы жүріс
"Балдырғандар маршы"
Марш екпінді әуен ойнап, балаларды қабылдайды. Әндете сәлемдеседі.
Біз - көңілді баламыз,
Өнер қуған дарамыз.
Әнге салып әдемі
Би де билеп аламыз.
ІІ. Музыкалық - ырғақты қимылдар
"Келші, құрбым билейік"
Ән сөздеріне және ырғағына сәйкестендіре, жұптаса би қимылдарын орындауға шақырады.
Балалармен бірге ән салып, би қимылдарын дұрыс орындауларына ықпал етеді.
ІІІ. Музыка тыңдау
Ой қозғау. Балаларға әнге қатысты бірнеше сұрақтар қояды. Әуен мен сөздің үйлесуімен ән пайда болатыны жөніндегі түсініктерін пысықтайды. Ән, әуен сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын қайталатып, үйретеді.
Бір баладан өзі білетін әннің
әуенін ля - ля буыны арқылы орындауды, екінші баладан сөзін тақпақтап айтуды ұ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>