Сайыстың тақырыбы:"Өнерлі өрге жүзеді"
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым!
"Өнерлі өрге жүзер" атты сайысымызға қош келдіңіздер.
"Қазіргі кезде ел болашағы - жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ" -- дейді Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кең құлаш жайған заманда, оқуға, ғылымға, өнерге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың іскерлігін, икемділігін нығайту. Эстетикалық талғамдарының дамуына ықпал жасау.
Талпынған әр шыңдарға жас таланттар
Білімнің ордасында ән қалықтар
Күтіп тұр арман қуған өрендерді
Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар
Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерлі топты бірге анықтайық.
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Әділқазылар мүшелерін сайлау
Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз. (Музыка ойналады, қатысушылар ортаға шығады. Әрбір топты аттарымен таныстырып өткізу)
4- сыныптан құралған "Өнерлілер", тобы
5 сыныптан құралған "Шеберлер" ,тобы
6- сыныптан құралған "Іскерлер" ,тобы
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1. Таныстыру.
2 "Бояулар әлеміне саяхат" Ғарышқа байланысты сурет салу
3"Тапқыр болсаң тауып көр!" викториналық сұрақтар сайысы
4. "Шебер қол ештеңені таңдамайды" бұл жерде ер балалар қыздардың,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>