Өнерлі бала сүйкімді

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

білхан. Шежіре қарт бір сәт сақалын саусағымен саралап, ойға батты.
-Япырым-ау,осынша жасқа келгенше,мұндай сауалмен алыстан келген баланы көрмеп едім. Шешінші өзің,-деді бір кезде. Көп ұзамай- ақ жас Әбілхан шежіренің ақылымен және берген азын-аулақ қаражатымен ауылдан Жаркентке келді. Бір сыныптық білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. . Талай-талай кедергілерге жолықты. Ата-баба айналысып көрмеген өнерге жол табу оңай болған жоқ. Сонау 1929 жылдары өнер іздеп,Алматыға келгенде де,хат танудан әрі білімі жоқ жігітке оқу табыла қоймады. Тек атақты суретші Николай Гаврилович Худов өнер үйренуге талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Сол бала Әбілханның қазақтың сурет өнерінің ең басында тұрып,атақты суретші Әбілхан Қастеев атанарын ешкім әлі білмеген еді. Құмға сурет салудан басталған балалық талап үлкен өнерге осылайша жол салды.


Талқылау сұрақтары :
Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?
Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?
Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Суреттерге қарап әңгімелеңдер. Өз өнерлерің туралы айтып беріңдер.
Дәйексөз
"Адамның сәні - өнер,білім,ақылы "
Халық мақалы
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген ребусты дұрыс шешіңдер,өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар және оның мәнін түсіндіріңдер.
Шешуі : "Өнерлі бала сүкімді"
Үйге тапсырма
Мәтіндегі Қ. Қайымжановтың "Ақын деген кім ?"әңгімесін оқып келу. Ө. Тұрманжановтың "Бәрі жақсы өнердің " өленің жаттап келіңдер.
Соңғы тыныштық сәті
Балалар,бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп алыңдар.
Сабаққа қатысқандарыңа рахмет.


















Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: