Наурыз Мейрамы

Страницы: 1 | 2  >  >>

Наурыз Мейрамы
Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлттық киімдер, ойындар, тағамдар, бата туралы мағлұмат беру. Балалардың ой -- өрісін, сөздік қорларын дамыту, ұлтымыздың дәстүрін, мерекесін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Наурыз мерекесі құтты болсын "Қош келдің Наурыз!"
мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!
Бүгін - Самарқанның көк тасы еріген күн.
Бүгін - Жаңғыру мейрамы!
Бүгін - Жыл басы, Жаңа жыл!
Уа,жарандар,жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар,
Үлкен кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды,
Бәрің бері қараңдар.
Шашу биі. Мектепалды даярлық тобы
Көргенде қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!
Жаңа жыл,жаңа тарих баспалдағы,
Алатын асуларын асқардағы.
Қазақтың кең көсілген даласында
Жазылсын болашақтың дастандары.
Шағын орталық тобының тақпақтарына кезек берейік.
Салт - дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша - деп келесі кезекте салт - дәстүрді дәріптеу.
Дамир: Сүйінші,сүйінші өмірге сәби келді.
Мадина: Келе ғой қарағым жақсы хабар әкелдің,сүйіншіңді берейін.
Құлыным өмір жасың ұзақ болсын. Ауылымыздың ақсақалы азан шақырып,ат қойсын.
Біржан: сенің атың Наурызбай,Сенің атың Наурызбай. Сенің атың Наурызбай. (құлағына үш рет айқайлайды). (Бата береді).
Мадина: Атамызға шапан кигізейік.
Жүргізуші: Келді наурыз жар салып,
Би билейік, ән салып
Жылда келсін Ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып.
Би: Қамажай Шағын орталық тобы

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: