Наурыз Мейрамы

Страницы: <<  <  1 | 2

.
Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып,еркіндікке жол салған ата-бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті нақыл сөздерге берейік.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- дей келе ортаға Наурыз - думан әнімен Берік Асылайды шақырайық.
Әуелден жомарт серіміз,
Асылын жырдың теріңіз.
Білгіңіз келсе қазақтың,
Айтысын тыңдап көріңіз.
Ортаға күміс көмей ақын ұл-қыздарымызды шақырамыз.
Айтыс. Мектепалды даярлық тобы.
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен саяқ.
Ән шырқап,би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп
Би: Шағын орталық тобы. Ұлдар биі
Наурыз келді, жыр келді,
Наурыз келді,нұр келді,
Мешін жылы еліме.
Әкелсін байлық,мереке.
Мектепалды даярлық тобының тақпақтарына кезек берейік.
Құт береке Наурыз айым келді деп,
Жер түледі жасыл-желек желбіреп.
Айналайын атамекен,кең далам,
Толықсиды нұрға балқып,елжіреп.
Ортаға Шуақты көктем әнімен мектепалды даярлық тобының қыздарын шақырайық.
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Қара жорға биі. Мектепалды даярлық тобы
Жатыр шалқып көңілім,шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш,бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел,бәрің,бәрің!
Осымен "Қош келдің,Наурыз" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: