ептілікті көрсететін ойындарды өте жақсы көреді. Мысалы "Арқан тарту", "Итеріспек", "Бәйге"
/ Ойындар өткізіледі /
Сендер Наурыз символы жауқазын екенін білесіңдер ғой. Мен сендерге осы көктем гүлімен ойын өткізбекпін. Жауқазын музыкамен қолдан қолға өтеді, музыка тоқтағанда гүл кімнің қолында қалса, сол өлең, тақпақ немесе мақал, жаңылтпаш айтып өз өнерін көрсетуі керек.
/ "Жауқазын" ойыны ойналады /
/Ән орындалады /
Жүргізуші: "Жаңбырменен жер көгереді,
Батаменен ел көгереді" деген аталарымыз, әділ Жиренше алақанын жайып, ақ батасын береді:
Жиренше: "Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын!
Алдар Көсе: О, халайық! Ұлы мереке Наурыз келді жер бетіне.
Көктем мерекесі, Жаңа жыл басы -
Наурыз құтты болсын!
Қуаныш қуанышқа ұлассын!
Тазша бала: Мейрам құтты болсын ағайын!
Отбастарыңызға амандық әкелсін!
Барлық істеріңізге сәтті қадам тілеймін!
/ Ертегі кейіпкерлері қоштасып шығып кетеді. /
Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз, келген доңыз жылы табыс, шаттық, бақ, береке әкелсін!
Наурызнама
(брейн-ринг)
Шарты: әр сайыста тоқтап қалған бала ойыннан шығып отырады.
1 сайыс: Наурызда айтылатын жарапазан айту.
2 сайыс: Жедел сұрақтар.
1. Наурыз қандай мереке? (Жаңа жыл)
2. Наурыз қай мезгілде? (көктем)
3. Наурыз сөзі қай тілден енген? (парсы)
4. Наурызда біздің арамызда кімнің туған күні бар? (. . . )
5. Наурыздың бүгін нешесі? (19)
6. Науры
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>