мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде "Көкпар", "Қыз қуу", арқан тарту т. б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)
- Ал, балалар, ендеше "арқан тартыс" ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар. Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)
Рахмет! Отырамыз!
VII. Қорытындылау
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі - бата-тілек білдіру. "Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. "Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді", "Баталы құл арымас" - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Батима апайдың әңгімесін тыңдайық.
Рахмет!
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.
- Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы - жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс қоян! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!
Қоян: Қыс келеді ақ тонды . . .
Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың!
Қоян деген момақан мақұлық қой,
Ескер, бірақ "Ақтабан қоян" барын?!
Рахмет!
- Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>