Наурыз-думан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"САНДУҒАШ" БАЛА БАҚШАСЫ" ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНЕ ҚАРАСТЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІСІ Ғ. АЛИНОВАНЫҢ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ СЦЕНАРИЙІ








ТАҚЫРЫБЫ: "НАУРЫЗ-ДУМАН!"













Тақырыбы:Наурыз - думан!
Мақсаты: Балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Мерекелік көңіл күйлерін көтеру. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, Ұлыстың ұлы күні наурыз меркесі құтты болсын! Баршаңызға осы жаңа жыл құт-береке, бақыт, бірлік әкелсін.
Көктем келіп, қар еріп, сай-саладан су ақты.
Жер жұмсарып, шөптер өсіп, жағаларда гүл атты.
Күн жылынып, құстар келіп, жаңбыр жауып өткен бе?
Қой қозылап, түйе боздап, Наурыз думан жеткен бе?
Би билейміз, ән салып,
Наурыз таңын қарсы алып.
Тәтті әнді таңырқап,
Тыңдайықшы тамсанып.
Ән: "Наурыз келді".
Жүргізуші:
- Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз қонақтарға тамсанайық.
Аңыз боп ертегідей бізге жеткен,
Құрметті қонағымызды қарсы алайық.
Қызыр ата келеді.
Жүргізуші:
- "Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер",- дегендей Ұлыстың ұлы күні келіп тұрған Қызыр атамыздың батасын алып ертеңгілігімізді бастайық.
Қызыр ата:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсақ жол болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Жүргізуші:
Анаға шуақ болатын,
Әкеге қуат б

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: