>Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің
Айзана:
Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра берсін шырайы.
Аймира:
Салтымен ата-бабамның
Жаңғырды қайта заманым
Жаңа жыл басы - бұл Наурыз
Құтты болсын қадамың!
Анатолий:
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады.
Жүргізуші:
-Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр - тұсау кесу. Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі. Ананың сүтімен даритын, сәбидің тұсу кесу дәстүрін бастайық.
-Ала жіппен кесу, біреудің ала жібін аттамай, адал болуға үйретсе, шөппен кесу, шөп сияқты өсіп-өніп, көгеру дегенді білдіреді.
Осы кезде баласын ерткен келіншек келеді.
- Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде мына баламның тұсау кесу тойын сіздермен тойлағалы келіп отырмын. Осы баламның тұсауын жақсы ырыммен кесіп берсеңдер деген үмітпен келдім.
"Тұсау кесу" дәстүрі.
Ойын: "Арқан тарту"
Би: "Қара жорға"
Жүргізуші:
- Наурыз мерекесі әр қайсыңызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үміт пен шексіз махаббат әкелсін! Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толсын!
- Бұл жыл - баршаңыздың естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман-есен жетейік,
Келесі Наурыз тойына!
Страницы: << < 1 | 2 | 3