опрақты қопсытамыз сосын дәнді егеміз, су ққямыз. Осы бидайдың өсуін біраз уақыт бақылайтын боламыз.
2 . Зерттеу орталығы:
Бидайды мына ұлғайтқыш құралмен қараймыз
Енді ұлғайтқыш құралмен ұнды зерттейміз
Сөздік жұмысы : Наубайхана-нан пісіретін,нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып,ұн шығаратын кәсіпорын. Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған
Сергіту сәті:
Жұмбақтар шешу:
1. Ұзын мұртты сарылар.
Қойынында наны бар. (Бидай)
2. Бір ай бойы шабар,
Он бір ай тынып табар (Комбайн)
3. Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас (Нан)
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бидай- пшеница, наубайхана - мельница, ұн - мука , нан - хлеб.
Сен білесің бе?
Әр отбасының дастарқанында үнемі нан болуы үшін, 120 мамандық адамдары
еңбек етеді.
Көп еңбекпен ақ дастарқанға келетін нанды халық қасиетті тағам дейді.
Жеке жұмыс: Бағлан , Амира тиым сөздрді айтыңдаршы
ТИЫМ СӨЗ
1. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
2. Нанды бір қолмен үзбе.
3. Нанды аяққа баспа.
МАҚАЛДАР
1. Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
2. Ас атасы - нан
Нан қасиетті дәм.
3. Бидай тоңға тимей, аузың нанға тимейді.
4. Ексең егін, ішерсің тегін.
5. Егіндікте ел тастама
3. зерттеу орталығы " Нан пісірейік"
Нан пісірудің ретін еске түсірейік. Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады. Әр түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады
3. Қорытынды/итоговая часть:
Балалар сонынмен біз кіммен бірге саяхатқа бардық? Қандай зерттеу жұмыстарын жүргіздік?
"Нан - байлық,нан-береке"деп халқымыз бекер айтпаған. Қаншама адам еңбек етеді. Дастарқанға зор е
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>