ірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Нан қайдан шығады? (Ертегі)
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. "Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!" - деп қызығып кетті. Тышқан тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан сен қайдан шықтың? - деді сыбырлады.
- Сатушыдан сұра, - деді Нан
- Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
- Наубайшыдан сұра, - деді.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналды.
Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап - қап ұн дайын болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? - деп сұрады.
- Комбайыншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншыға келеді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастады. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайыншы, комбайншы, нан қайдан шығады? - деп сұрады.
- Көктемде тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық - сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - дейді комбайыншы.
- Ой, мұның - азап қой. Мен шалқайып жатып - ақ нан таба беремін, - деп қутың - қутың етті Тышқан.
- Әне мысық келе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>