Құмырадағы гүл» композициясын құрастыру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пәннің аты:
Еңбекке баулу
Уақыты:
Кабинет: 17
Мұғалім:
Г. Н. Ильясова
Сабақтың атауы
Табиғи материалдардан "Құмырадағы гүл" композициясын құрастыру .
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Оқушыларды табиғи материалдардан "Құмырадағы гүл" композициясын құрастыруды үйрету
Білімділік: Оқушылардың композиция туралы білімдерін кеңейту, "Құмырадағы гүл" композициясын құрастырудың әдіс - тәсілдерін көрсету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа, тазалыққа баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын арттыру шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: Құмырадағы гүлдер
Керекті құрал - жабдықтар: апельсиннің қабығы, желім, қатты картон, мата, ине, жіп, қайшы т. б
Психологиялық ахуал
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану
Мұғалім: Табиғи материалдарға нелер жатады?
Оқушылар: Ағаш, жаңғақ, бұтақ, тас, топырақ, қағаз т. б.
М: Жарайсыңдар, балалар, бүгін біздер табиғи материалдардан "Құмырадағы гүл" композициясын құрастырамыз.
Табиғат байлығы алуан түрлі. Табиғи материалдардан тамаша кәдесыйлар жасап үйренуді ары қарай жалғастырамыз. Біз бүгін цитрусты жемістердің қабығы мен жапырақтарынан әртүрлі материалдардан "Құмырадағы гүл" композициясын құрастырамыз.
Композиция (латын сөзі - kompositio - құрастыру, тәртіпке келтіру) - көркем шығарманың құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та әр ал

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: