уан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз - шығармадағы адамдардың бір - бірімен байланысы, қарым - қатынасы, күрес - тартыстары, шығармадағы оқиғалардың дамуы болып есептеледі. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді. Белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себеп болса, екіншісі оның нәтижесі. Адамдар арасындағы қарым - қатынас күрес - тартыстар тек кездейсоқ емес, өмір шындығы, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады. Оқиғаның белгілі бір мезгілде болғандығы көрсетіледі. Шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді әр алуан бөлшектердің қалауын тауып жазушы асқан шеберлікпен қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Міне осыны шығарманың композициясы - құрылысы деп атайды.
Композиция (құрылыс)- көркем шығарманың барлық түріне қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қолданылады. Ал еңбекке баулу пәнінде композиция дегеніміз - бұл түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір - бірімен сәйкес үйлестіріп орналастыру. Енді қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Қауіпсіздік ережесі
1. Желімді пайдаланған кезде жұмыс орнына целлофан немесе қағаз төсе.
2. Желімді қылқаламмен көп іліп алма.
3. Қылқаламды арнаулы орынға қой.
4. Қайшымен ойнауға болмайды.
5. Инені киіміңе шаншыма.
6. Инені арнаулы орында сақта.
7. Құралдармен ойнама.
8. Біреуге үшкір затты ұсынғанда ұшын өзіңе, сабын кісіге қаратып бер.
Сергіту сәті
Аққу болып ұшамыз Көлдiң бетiн құшамыз
Көлге келiп қонамыз Қайта самғап ұшамыз.
Ой толғаныс
Жұмыстың орындалу реті.
1. Бір түсті мата дайындап, оған өлшемі 1см кем қатырма қағазды қойып артық бөлігін қайырып желімде.
2. Матаның тең ортасынан бормен тік сызық түсір. Құмыра мен гүлдің орнын белгіле.
3. Апельсиннің қабығын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>