к:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Өнердің терең сырына.
Қадамдарың оң болсын
Сәт сапар енді тілейік!
ІІ. Таныстыру
4 "А"сыныбы "Гамма"тобы
4 "Ә"сыныбы "Тоника"тобы
4 "Б"сыныбы " Мажор" тобы
4 "В"сыныбы "Лига"тобы.
Әр команда өз тобын таныстырады
1. "Гамма"тобы:
-Гамма дыбыстар тізбегі,біз де дыбыстар тәрізді тізбектеліп жүреміз. Гамма тобы алға!
2. "Тоника"тобы: Ең бірінші жүретін,
"Тоника"дейтін атымыз.
Сайыста да бірінші
Болам деген антымыз!
3. "Мажор"тобы: Біз мажормыз,мажормыз,
Әрқашанда көңілді
Жарқын болып жүреміз
Сайыс қиын болса да,
Күліп жүріп жеңеміз!
4. "Лига тобы": Әрқашанда біргеміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Қандай сайыс болса да,
Қол ұстасып жеңеміз!
ІІ. Сұрақ-жауап:
Шарты: дөңгелек түрлі-түсті шығыршық-калейдоскопты айналдырамыз,стрелка тұсына қай түс келсе сондай түсті конвертті алып ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1 конверт сұрақтары: Қандай күйшілерді білесіңдер?
Симфониялық оркестр аспаптары неше топқа бөлінеді?
2 конверт: Балет дегеніміз не?
Әнші Мұхит "Үлкен айдай" әнін кімге арнап шығарды?
3 конверт:Айтыс дегеніміз не оның түрлері?
Ең көне театр қай елде орналасқан?
4 конверт: Күй дегеніміз не?
Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер?
ІІІ. "Аспаптар сыры. "
Әр топ конвертте қандай аспап жазылса сол аспап туралы айтып береді.
Домбыра оның шығу тарихы туралы қандай аңыз бар?
Қобыз,оған ұқсас басқа халықтардың
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>