Музыкалық калейдоскоп

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>





Музыка-4 сынып
Жасанбаева Кадыша Махмұдқызы
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы 273 орта мектебі.

Сайыстың тақырыбы: Музыкалық калейдоскоп.

Мақсаты: Оқушылардың бастауыш сыныпта музыкадан алған білімдерін
көрсету. Музыканың түрлі жанрлары,терминдерін ажырата білуге
үйрету. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өнерге деген ынтасын
арттыру,ұйымшылдыққа шақыру,музыкалық сауаттылығын дамыту,
эстетикалық тәрбие беру.

Жоспары:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ. Топтың таныстыруы.
ІІІ. Сұрақ-жауап сайысы.
IV. "Аспаптар сыры. "
V. Өз өнерлерін көрсету.
VI. "Оркестр құрайық"
VII. Топ басшысының сайысы.
VIII. Қорытынды.

Сайыстың барысы:
І. Кіріспе сөз.
oo Құрметті оқушылар! Бүгін біз музыкадан алған білімдеріңді сынау мақсатында "Музыкалық калейдоскоп"тақырыбымен 4 сыныптар арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Білім негізі-бастауыштан басталады дегендей,музыканың да алғашқы баспалдағы яғни "Музыка деген не?" ұғымын біз 1 сыныптан бастадық.
Музыкалық дыбыстар,жеті нота,композитор,орындаушы,тыңдаушы,әнші,күйші
жыршы т. б. ұғымдарды біз бастауыш сыныптан үйреніп,негізін қаладық. Осы
ұғымдарды баланың санасына дидактикалық ойындар,ырғақты ойындармен
жеткіздік. Әннің шығу тарихы,музыка тыңдап оны әр түрлі жанрдарға бөліп ажырата білу үлкен еңбекті,сезімталдықты талап етеді.
Калейдоскоп ойыншығын көздеріңе салып айналдырып көргендерің бар ма?
Көрсеңдер,онда әр түрлі бір-біріне ұқсамайтын суреттерді көресіңдер. Біздің
музыкалық калейдоскобымыз да бір-біріне ұқсамайтын музыканың сиқырлы әлемімен таныстырады. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.



Сайыскерлерге тіле

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: