Музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістері. Бастауыш сыныптарда музыка тыңдаудың мақсаты мен міндеттері. Музыка тыңдауға қойылатын талаптар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

кезінен-ақ өз халқының ән-күй өнерінің ықпалымен дамиды" деген болатын. Сондықтан қазақ балалрының музыкалық талғамын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату, үйретуден бастап қалыптастырған жөн.
Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар жанрлардың түрлері, халық әндері мен күйлері мол.
Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен анасының әлдиі "Бесік" жырларынан,өз ұлтының әуенің ана сүтімен бойына дарытудан бастайды да, одан әрі біртіндеп ұлттық әуенді таныстыру арқылы күрделене түседі. Бастауыш сынып оқушыларына өз ұлтымыздың өнерін, халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту мақсатында музыка тыңдаудың рөлі өте зор, халықтар арасындағы достықты сақтау үшін, әр халықтың жақсы ісімен өткен тарихты насихаттау үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулығын, ерекшелігін сезіну, қайырымды, мейірімді,адал болу үшін-жалпы айтқанда оқушылардың өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек.


0. 1 Музыка тыңдауға қойылатын талаптар

Музыканы тыңдау және оны қабылдау музыкалық іс - әрекеттердің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) барлық түрлерінің нәтижесінде қалыптасады.
Музыка тыңдау процесі кезіндеоқушылардың зейінін эмоциялық сезімдерін, ойлау, түсіну қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау, оны қабылдау неден басталады десек, ол тыныштықтан басталады дер едік, өйткені музыканы қабылдай білу ең алдымен ұқыптылықты, зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен - саз көңілге жайлы, ақылға қонымды адам сезімін жылытатын әсер берері сөзсіз. Ал кез келген музыканы бірден қатарынан талғамсыз тыңдауға болмайды.
Бұл біздің түсінігімізді, нәзік сезімімізді әлсіретеді, бара - бара әрбір үннің әуезін, әрбір әуеннің иірімдерін сезіну қабілетімізді кемітеді, сөйтіп музык

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: