Сабақтың тақырыбы : 23 Мәтінді пішімдеу. Абзац
Сабақтың мақсаты : берілген параметрлер бойынша мәтінді пішімдеуді жалғастыру .
Оқушылар білуі тиіс : абзацты ( азатжолды) пішімдеуді.
Оқушылар үйренуі тиіс : мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімі өзектендіру
1. Абзац дегеніміз не ?
2. Абзацта мәтін болмау мүмкін бе ?
3. Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз ?
4. Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай ?
5. Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз ?
V Жаңа тақрыпты түсіндіру
Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім - оң жақ шет бойынша түзеледі.
Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:
түзеу;
жоларалық интервал ;
шегінулер ;
Түзеу
- Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.
Негізгі мәтінді осылай жазады.
- Мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай тереді.
- Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі.
Мысалы, эпиграфты безендіргенде, шегініс беттің сол жақ шетінен және түзеу сол жақ шеті бойынша орнатылады.
Шегіністер
Сол сияқты абзацтың бірінші жолында шегініс - "қызыл" жол болуы мүмкін.
Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.
Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдың бірі - Табуляция.
Табуляцияның мәнін анықтай
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>