отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.
Бұл мысалда Абзац , Тіркеме беттер бұйрығы орындалған, Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған. Мәтін енгізгенде Tab пернесін басу жеткілікті. Абзацта бірнеше табуляция позициялары анықталуы мүмкін.
Тізім
Егер оқушылардың тізімін басып шығару немесе дүкендегі тауарды санап шығу керек болса, не істейміз ? WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан - маркерден басталады. Тізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасын басыңдар.
Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басыңдар . Осылай мәтінге абзац символы емес, жолды күштеп айыру символы кірістіріледі. Жолдың басында маркер пайда болмайды.
VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
1. Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.
2. Сызғыш не үшін керек ?
3. Табуляция не үшін керек ?
4. Табуляцияның позицияларын қалай тағайындаймыз ?
5. Маркерленген тізімді қалай құрамыз ?
6. Тізімдегі маркердің түрін өзгертуге бола ма ?
VІІІ Үйге тапсырма
23 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру.
Сабақ жоспары : "Бекітемін"
Оқу ісінің меңгерушісі
"" 20ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 5
Сабақтың тақырыбы : 24 Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты : мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастыру.
Оқушылар білуі тиіс : мәтінді пішімдеуді
Оқушылар үйренуі тиіс : мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды.
Сабақтың барыс
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>