Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасында диаграмма құру
Сабақтың мақсаты:
а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту ;
б) тәрбиелiк: оқушыларды адмагершілікке, имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: теориялық, практикалық
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, зерттеушілік, практикалық
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу,
Сабақтың көрнекiлiгi: МS Exсel терезесі, Диаграмма шебері, электрондық оқулық, интерактивті тақта
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қою
Негізгі ұғымдары:
Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.
Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.
Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.
Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысал
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>