Мой выходной день

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Кәсіптік қазақ тілі" пәнінен ашық сабақ әзірлемесі
Күні: 17. 11. 2015ж.
Тобы: ШМ -8
Сабақтың тақырыбы: Менің демалыс күнім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік.
Жаңа тақырып туралы толықтай мағлұмат беру, негізгі тақырыпқа арналған мәтінді түсіндіру, есімдік сөз табына тоқталу арқылы жаңа білімге жетелеу.
2. Дамытушылық.
Мәтіннің мазмұны ашу, оның аудармасын білу, жаңа сөздермен танысу, есімдік сөз табының ерекшеліктері мен түрлері арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік.
Өз демалыс күнін дұрыс пайдалануға, демалыс орындары арқылы олардың пайдасын білуге, өз уақытын үнемді пайдалануға, мәдениетті демалуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың үлгісі: жаңа білімді қалыптастыру, өткен материалды қайталау.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, талдау, техникалық құралдарды пысықтау кезінде қолдану.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, мәдениеттану,тіл дамыту.
Сабақты қамтамасыз ету
Көрнекі құралдар: кесте
Үлестіретін материал: мәтін, карточкалар, сұрақтар
Оқудың техникалық құралдары: интерактивтік тақтадағы тапсырма

Жұмыстың түрлері: мәтінді сауатты оқу, мәтінді аудару, мәтін арқылы сұрақ қою, тақтамен жұмыс, сөздік жұмыс, дәптермен жұмыс, карточкамен жұмыс.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме?, отырыңыздар. Бүгін қандай күн? Бүгін аптаның қай күні? Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?, Ұйымдастыру сұрақтары арқылы оқушыларды түгендеу.

ІІ. Өткен тақырыпты сұрау, сабақтың мақсаттарына тоқталу:
Біз өткен сабақта отбасы тақырыбына арналған сөздер және мәтін арқылы жұмыс жасадық. Оқушылардың дәптерлеріндегі мәтін арқылы ауызша үй тапсырмасын сұрау.
Мына карточкалармен өткен тақырыбымызды бекітейік.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: