Моғолстан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Моғолстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Моғолстан мемлекетінің құрылуымен, этникалық құрамымен таныстыра отырып, саяси тарихындағы негізгі оқиғалар туралы жан - жақты түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларға тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге, салыстыра білуге, өзіндік ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды, халқын қадірлей білетін өз елінің азаматы болуға, халқын қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Карта, арнайы слайд, хронологиялық кесте, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқиғаларды ханның басқарған уақытымен сәйкестендір.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы
Халқының этникалық құрамы.
Моғолстанның ішкі - сыртқы жағдайы.
Моғол хандығының әлсіреуі.

1. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі - Оңтүстік - шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі - Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде "монғол" сөзіндегі "н" әрпі түсіп қалып, "моғол" немесе "моғолстан" сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық - Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды.
Атақты тарихшы Мұхаммед Хайд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: