Моғолстан

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

р Поладшы Моғолстанды қай жерден біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды? Мауараннахр

V. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақ - жауап.
1. Моғолстанның алып жатқан аумағы?
Шағатай ұлысының шығыс бөлігі - Оңтүстік - шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы.
2. Моғолстан мемлекетінің территориясы туралы кімнің, қандай еңбегінде жазылған?
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінде.
3. Моғолстанның орталығын ата?
Алмалық қаласы.
4. Неліктен моғолстан деп аталды?
Шығыс деректерінде "монғол" сөзінің "н" әріпі түсіп қалып, "моғол" деп аталды.
5. "Батпақ шайқасы" туралы не айтасыңдар?
Тоғылық Темір хан қаза болғаннан кейін Әмір Темір Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс - Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс - Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасындағы шешуші шайқас "Батпақ шайқасы" болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған. Шайқаста Ілияс - Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады.
6. Моғолстанның тағына кімнің тұқымдары отырған?
Шыңғыс.
7. Моғолстан хандығы кімнің тұсында ыдырай бастады?
Жүніс ханның немересі Абд ар Рашидтің кезінде.

VІ. Оқушылырды бағалау. Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын.
VІІ. Үйге тапсырма:
1. 25. Моғолстан тақырыбын оқу және мазмұнын білу.
2. Тақырып соңындағы тест жауаптарын табу.





Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: