ңдеулер - белгілі бір кестеде ақпаратты іздеуді орындау. Күрделі іздеуді қамтамассыз ету үшін (мысалы, егер қажетті мәліметтер бірнеше кестеде орналастырылған болса) сұраныстың арнайы түрін қолданады. Осылайша сұраныстың көмегімен таңдалған көрсеткіш бойынша барлық жазбалардың мазмұнын жаңартуға бұйрық беруге болады.
Кестелердегі мәліметтерді өңдеу үшін, Microsoft Access- те құрылымдалған сұраныстар тілі (SQL) кірістірілген. МҚБЖ интерфейсі қолданушылар сұраныстар тілін білмей-ақ мәліметтерді өңдеуге болатындай етіп жобаланғандықтан,тек мәліметтер қорын қолданушыға ғана емес,әзірлеушіге де бұл тілді білу міндетті емес. Сендергетек Microsoft Access программасы бұйрықтарының қызметін білу жеткілікті. Егер мәліметтер қорында бір кестеден көп болса (ал кез келген қорда бір кестеден көп болу қажет),онда олардың дұрыс болуын кестелерді өңдеу байланыстырғанда қамтамасыз ете аламыз.
Мәліметтерді басқару
Мәліметтерді басқару мәліметтер қорын бір емес, бірнеше қолданушының қолдану мүмкіндігін қамтамассыз етуді қарастырады. Электронды кестелер мен құжаттарджы жасау программалары іс жүзінде бұл бағытқа бағдарланбаған.
Есептеулер жүргізілетін шаблондарды жасау үшін электронды кестелерді өңдеу құралдарын (мысалы, қандай да бір ұйымда шот-фактура жасау) пайдаланған дұрыс. Ал көлемді бухгалтериялық құжаттарды, қорытынды есептерді құру үшін барлық мәліметтер бірдей қорда болуы керек.
Түйін
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - мәліметтер қорын жасау, жүргізу және қолдануға арналған программалар мен тілдік құралдар кешені.
МҚБЖ-ға қызметінің үш негізгі түрі кіреді: мәліметерді анықтау (құрылымды беру мен мәліметтерді сипаттау ), мәліметтерді өңдеу, мәліметтерді басқару. Осы барлық функционалдық мүмкіндіктер толығымен Microsoft Access- те жүзе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>