сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді.
Қысқасы "өмір" деген ұғым бар да, өмір сүретін адам да бар, ол туралы ортақ пікір жоқ, әр алуан көзқарас, әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рақаты, не азабы мен қасіреті, жақсы-жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім-тәрбиесінің көзі болып саналады. Демек өмірден үйренгенің мен үлгі еткендерің де, үйрене алмай, қасірет шеккенің де, жақсылығың мен істеген жамандығың да, игі істерің мен көрсеткен ездік қасиеттерің де- бәрі-бәрі, сайып келгенде, өмірдің өзіндік тағылымдары. Адам баласының бойына тән, болмысына біткен парасаттылық пен пендешілік, даналық пен надандық, биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттік пен ынжықтық, дарындылық пен дарынсыздық, жомарттық пен сараңдық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты екі ұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол өмір безбенімен өлшенер қасиеттер.
Өмір деген-мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені Т. Айбергенов.
Страницы: << < 2 | 3 | 4