Тақырыбы: "Өмірді тану арқылы-өзіңді тану".
Мақсаты:Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;
өмірді бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Гүл шоқтарын алдыру арқылы оқушыларды топтастыру.
/ раушан гүлі және түймедақ гүлін таңдау арқылы/
І-топ - раушан гүлі
ІІ-топ - түймедақ гүлі
2. Ассоциация жасау
"Өмір"-дегеніміз-
Жүректің тазалығы, махаббат, арман, қуаныш, парыз, т. б.
3. Ә. Файзуллаұлының "Өмір мәні" -- ертегісін сахналау.
Ертегі кейіпкерлері:Тархан патша, уәзірлер, Саудагер, Әнші, Балықшы, Бай жігіт,Сүлейке ұстаз.
Сұрақ-жауап:
Үміткерлер өмір мәнін қалай түсіндірді?
Ертегіде айтылған ойларға не қосар едіңіз?
Егер сіз патша болсаңыз қандай қасиетті басшылыққа алар едіңіз?
Топтарға тапсырма:
І-топ "жағымды" кейіпкерлерді атауы қажет. Дәлелдеу
ІІ-топ "жағымсыз" кейіпкерлерді атауы қажет. Дәлелдеу.
4. Тыныштық сәті- әуен тыңдау арқылы өзін сезіну.
5. "Адасқандар" фильмін көріп, талқылау.
Қорытынды: "Өмір" сөзіне класстер құру.
Тапсырма: І-топ "Өз болашағым, өз қолымда"- эссе жазу
ІІ-топ "Өмірге, болашаққа үміт" сабақтан алған әсерлерің
туралы сенквейн құрастыру.
Сабақтың дәйексөзі: "Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам
ешқашанда сол қалпында қала алмайды"
Томас Манн
Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан, өзгенің жаратылысын түсінуден, өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.
Жақсы көру, өз күшіне сену,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>