ШҚО Семей қаласының білім бөлімі" ММ
"Семей қаласының 37 гимназиясы" КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
"Өмір қауіпсіздігі"
Өткізген: Чегебаева Ү. Қ.
2015 - 2016 оқу жылы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Өмір қауіпсіздігі
Мақсаты: Төтенше жағдайларда өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өзін және қасындағы адамдарды қорғау, оларға қалай көмек көрсету керектігі жайлы түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
1. Өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезінде, көшеде және судағы қауіпсіздікті сақтау шараларын үйрету.
2. Өз ойларын ашық айтуға, сыни тұрғыдан ойлауға, топта ынтымақтаса жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Ұқыптылыққа, жинақылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелену ортасын құру.
Көрнекілігі: слайд-презентация, бейнежазба, таратпа материалдар, А3 қағаз, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер
Түрі: топтық жұмыс
Барысы
І. Топқа бөлу
Суреттерді таңдау арқылы топқа бөліну
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ой шақыру
Балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: "Өмір қауіпсіздігі"
-Сендер "Өмір қауіпсіздігі" дегенді қалай түсінесіңдер?
-Қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайда адам өміріне қауіп төнеді?
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмір ең қымбат байлық болып табылады. Адамның ең негізгі мақсаты, ол - өмірді сақтап қалу. Көп жағдайларда адамның өз өмірін және жақындарының өмірін сақтап қалуы қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және өзін қалай ұстау керектігін білу. Сондықтан өмір қауіпсіздігі ережеле
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>