рін білу өте маңызды. Төтенше жағдай болған кезде сабырлық сақтап, қасыңыздағы адамға жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану- біздің міндетіміз. Мысалы, от өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымыз да піспейді, үйіміз де жылымайды. Бірақ кей жағдайда өзіміздің ұқыпсыздығымыздан өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз. Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз - электр. Электр - жарық көзі. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы, қауіпсіздік ережесін сақтамасақ, ток соғуы мүмкін. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызда осындай төтенше жағдайларда өзімізді қалай ұстауымыз керек, апатты жағдай болмас үшін не істеуіміз керек екендігі туралы сөз қозғаймыз.
2. Мультфильм "Қауіпсіздік әліппесі"
Слайд-презентация, бейнежазба көрсету
3. Таратпа материалдармен жұмыс
І топ: Өрт қауіпсіздігін сақтау.
ІІ топ: Судағы қауіпсіздікті сақтау.
ІІІ топ:Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау.
4. Постер құру
Әр топ берілген мәтіндерді оқып, түсінгендері бойынша постер құрып, қорғайды.
5. Жағдаяттық сұрақтар
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1. Сен үйде жалғыз қалдың. Ата - анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты. Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не істейсің?
3. Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті. Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті. Сен не істер едің?
4. Сен сабаққа келгенде сыныптасы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>