қанын білуге болады.
Жауабы:
10 минут.
Шығарып көр. Тапсырманы жұппен немесе топпен орындатыңыз. Осы тапсырма арқылы оқушыларда 1 минутпен, 5 минутпен есептеу дағдылары қалыптасады. Оқушылар циферблаттағы минуттық тілдің қозғалысы туралы білімдерін бекітеді.
Жауабы:
10 мин, 15 мин, 30 мин, 5 мин.
Сен білесің бе? Бұл ақпарат оқушыларға пайдалы болып табылады. Ересек адамның ағзасы қалыптасқан, сондықтан тұрақты көрсеткіштерді көрсетеді. Сол себепті медицинада ересек адамның тамыры ми нутына шамамен 60 -- 65 рет соғады деп есептеледі.
Орындап көр. Тапсырма әр оқушының жеке орындауына арналған. Оқушыларға жүрек тамырының соғысын санауды ұсыныңыз. Әр оқушы 1 минуттағы тамыр соғысының санын санайды. Оқулықта берілген суретке сүйене отырып, білек тамыры арқылы тамыр соғысын қалай есептеуге болатынын көрсетіңіз. Оларға бірдей уақытта бастауға бұйрық беріңіз. Оқушылар жүрек соғысын санауы тиіс. Содан соң бірге аяқтау үшін бұйрық беріңіз. Санап болған соң оқушылардан нәтижесін сұраңыз. Олардың нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл бала ағзасының белсенді дамып жатқанын көрсетеді. Адамның тамыр соғысы медицинада ересектер мен балалар денсаулығын анықтайтын көрсеткіштің бірі екенін түсіндіріңіз.
Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабіле тін дамытуға бағытталғандықтан, әр баланың жеке орындауына ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы орындай отырып, әр баланың тоғызқұмалақты неше минут ойнағанын табуы тиіс. Сондай-ақ тапсырма барысында қазақ халқының тоғызқұмалақ ойыны және оның ережесі туралы қысқаша түсіндіре кетіңіз.
Жауабы:
әр бала тоғызқұмалақты 20 минут ойнады.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Тірек сөздер арқылы оқушылардың матема тикалық тілді сауатты қолдануын тексеретін ойын ойнатыңыз. О
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>