Минут

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жұмыстарды атқаруға болатынын мысалдар келтіре отырып түсіндіріңіз. Олардан 1 минутта не істеуге болатынын сұраңыз. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып, оқушылардың өздері минуттың уақыт өлшем бірліктеріне жататынын тауып айтуына мүмкіндік жасаңыз.
Оқушылардың 1 минут ішінде тағы да не істей алатынын болжауды сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Содан соң тексерсін: ол үшін белгі беріп, уақыттың басталғанын білдіріңіз. Ал оқушылар болжаған іс-әрекетін көрсетуі тиіс. Бақылау жүргізе отырып, оқушылардың қайсысы дәл көрсеткенін айтыңыз. Зерттеу жүргізгеннен кейін 1 минутта орындалатын іс-әрекеттер саны осы іс-әрекеттер дің орындалу жылдамдығына байланысты екенін түсіндіріңіз. Мысалы, дәрігер үшін адамның өмірін құтқару, өрт сөндіруші үшін өртті тез арада сөндіру. Олар үшін әрбір минут қымбат.
Зерттеу жүргіз. Тапсырманы барлық оқушы бірге орындасын. Оқушылар 1 минут бойы өз аттарын жазады және неше рет жазғанын санайды. Осы жұмыста сіз оқушылардың жазу дағдыларын тексере аласыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар 1 минуттың қысқа мерзім болғанымен, осы уақыт ішінде бірнеше әрекет істеуге болатынын түсінеді. Тапсырма нәтижесін көрнекі етіп парақшаларға жазып көрсетуге болады. Үлгісі төмендегідей.
Мен 1 минутта орындай аламын.
Өз есімімді рет,,,,жаза аламын.
Қағазға рет,,нүкте сала аламын.
Жіпке,,,,,моншақ тізе аламын.
Қолымды ,,,,,рет шапалақтай аламын.
Орнымда тұрып,,,,, рет секіре аламын.
Суретке қарап неше минут өткенін анықта.
Оқушылар оқулықтағы иллюстрацияға қарап электронды сағат бойынша (10:05-тен 10:15-ке дейін) неше минут өткенін анықтайды. Осы сабақта оқушылар уақытты өлшеу құралдарымен (механика лық, электрондық және құмсағат) танысады. Бақылау барысында олардың уақытты электронды сағатпен анықтай алу дағдыларының қалыптас

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: