гіш жарық немесе қоңырау болды. Шартты және шартсыз тітіркендіргіш үйлесімін бірнеше рет қайталаған соң итте тамақ болмаса да жарыққа және қоңырауға сілекей бөліне бастаған. Демек, итте жарыққа немесе қоңырауға шартты сілекей бөлу рефлексі пайда болды. Шартты рефлекстердің маңызы зор. Олар жануарларға мінез- құлық генетикалық бағдарламасын түзетуге және қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделуге көмектеседі. Ағзада шартты рефлекс- тер неғұрлым оңай қалыптасса, қоршаған орта жағдайы өзгерген кезде тірі қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Шартты рефлекстер шартсыз бекітілмесе ол ұзақ уақытқа сақтала бермейді. Шартты рефлекс біртіндеп жойылып кетпеу үшін оны шарт- сыз тітіркендіргішпен бекітіп отыру керек.
Шартты және шартсыз рефлекстің салыстырмалы сипаттамасы кестеде берілген.
Талдау
"Ыстық орындық" орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
"Ыстық орындық" орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
Сергіту сәті
2 минут
"Қаражорға" биі
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
Синтез
1. Шартты рефлекстерге тән ерекшеліктерді атап, мысал келтіріңдер.
2. Неліктен шартты рефлекстер бекітпесе, жойылып кетеді?
3. Шартты және шартсыз рефлекстердің белгілерін талдаңдар. Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?
4. "Рефлекс түрлері" деген сызба сызыңдар. Оларды жіктеңдер.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>