Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ : 6 сағат
Сабақтың тақырыбы: 
Мінез - ақылдың сауыты
Мектеп: "М. Дауленов атындағы мектеп-интернаты" КММ
 
Күні: 14. 03. 2018
Мұғалімнің аты-жөні: Нургалиева Жанна Тайшыманкызы
Сынып: 5 "А"
Қатысқандар:18
Қатыспағандар:0
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 
5. 2. 6. 1. Оқылым стратегияларын қолдану:жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу. 
5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: 
жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты табады, жазба жұмысын орындайды
 
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
 жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты табады, маңызы туралы дәлелдеп айтады, тірек сөздерді қолданып жазба жұмысын орындайды
 
Кейбір оқушылар орындай алады: 
жалпы мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты табады,сахналық қойылым түрінде сыныптастарына көрсетеді. тірек сөздерді қолданып, өлең , ойтолғау жазады
 Тілдік мақсат 
Оқушылар орындай алады: Мәтінді оқи алады,түсінеді, пікірлеседі, түсіндіреді. 
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Отыз екінші қара сөз, мінезді қалыптастыратын қасиеттер мен қабілеттер
 
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: 
Мінез, келбет, ақылдың сауыты, беріктік, сыпайылық, сөйлеу мәдениеті. 
Талқылауға арналған сұрақтар:
 Неліктен "Мінез-адам көрсеткіші"болады деп ойлайсыз?
 Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
 Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
 Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ,ойлайсыз?
 
Не себепті Адамның мінезі - ақылдың сауыты болады деп ойлайсыз
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
