Microsoft office Word редакторында кесте құру

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>

құрыңыз;
2) Тапсырма: Оқушының өз білімін бағалау парағы.

Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасын сұрау
Тапсырмалар
Тест Деңгейлік тапсырмалар Жалпы ұпай
5 4 3 ұпай 5 4 3

Ой қозғау"
Тапсырмада жұмбақ берілген. Жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) кестеге толтырып отырады.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс. Тапсырма орындатамын.
Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған. (кесте)

Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі. (жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды. (ұяшық)

Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар ұпайларын қояды. Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс орындадыңдар. Балалр, енді сергіту сәтін орындап бір дем алып алайық.

Сергіту сәті.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
:: Алақанды уқалау.
:: Саусақтарды жұмып - ашу
:: Білекті айналдыру
Көзге арналған жаттығулар
:: Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
:: Көзіңмен ақырын оңға және солға 2 - 3 рет айналым жаса.
:: Бастарыңды екі жаққа айналдыр
Енді балалар деніміз сау болсын, барлығымыз бірге билейік. (Қара жорға биі)

Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер.
Балалар, бізді соңғы "Сыйлық" көпірдің тапсырмасы күтіп тұр. Қане орындап жіберіп WORDтың үйіне барайық. Бізді күтіп отырған шығар.
- Балалар менің тапсырмам осы өтілген кесте тақырыбынан тест тапсырасыңдар. Егер жақсы ұпай жинасаңдар, сыйлыққа ие боласыңдар.

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: