Петровка орта мектебі
ТАҚЫРЫБЫ:
Информатика сабағында Ms Exсel программасын өмірмен байланыстыра оқыту
Жұмыс авторы: Нурдуллаев Е. Г.
Петровка орта мектебінің
информатика пән мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе. 3
І бөлім
MS Excel программасы
ІІ бөлім
MS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқыту
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымша
Кіріспе
«Қоғамда өмір сүре отырып,қоғамнан тысқары бола алмайсың».
В. И. Ленин
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Казақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы анықтап берген және Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру жүйесінің алдында тұрған келешектегі жауапты міндеттердің бірі- еліміздің гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосар жоғары білімді, мәдениетті жастар тәрбиелеу. Білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «ЮНЕСКО-ның және өзге де зерттеулер оқушылардың білім деңгейлерінің жылдан- жылға төмендеп келе жатқандығын анықтайды»- деп атап көрсетілді.
Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім кеңістігіне бағыт алуда. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адам арасындағы қарым- қатынас құралдарының ғарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы- 12 жылдық білім беруге көшуге жаңа бастама болып отыр. Сондықтан мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейімі, жеке қабілеті және әлеументтік- психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Орта мектепте оқытылатын оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кездегі жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселесінің бірі- оқушылардың «дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру». Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>