Сабақтың тақырыбы: Ми діңінің құрылысы.
Мақсаты:
БІЛІМДІЛІК: Адам ағзасындағы жүйке жүйесі, мидың бөлімдері, құрылысы мен олардың атқаратын қызметін жалпы түрде түсіндіру;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Оқушыларға мидың бөлімдері, құрылысы мен олардың атқаратын қызметі, қасиеттерінде қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары барын салыстыра отырып, қызығушылығын арттыру, іздену жұмыстарын жүргізу.
ТӘРБИЕЛІК: Мидың бөлімдері, құрылысы , атқаратын қызметін таныстыра отырып, ойлау
Сабақ әдісі: Топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: жұлынның, мидың суреттері, постерлер.
Сабақтың барысы:
І кезең. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
І топ - Сілтеме берушілер
ІІ топ - Баяндаушылар
ІІІ топ - Ізденушілер
Барлық топтар бір - бірінің мүмкіндіктерін
алдын - ала болжап айтады.
Сәттілік тілейді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ кезең. Үй тапсырмасы: "Миға шабуыл"
Әр топқа Жүйке жүйесі. Жұлын тақырыбында сұрақтар қойылады.
І топ. Сілтеме берушілер.
1. Жұлынның құрылы.
2. Аксон дегеніміз не?
3. Нейрон дегеніміз не?
4. Жұлын дененің қай бөлігінде орналасқан?
5. Рефлекс ұғымының анықтамасы?
ІІ топ. Баяндаушылар тобы.
1. Жұлынның салмағы қанша?
2. Жұлынның атқаратын негізгі екі қызметі?
3. Жүйке түйіндері дегеніміз не?
4. Жұлын түбірлері қалай аталады?
5. Рефлекс дегеніміз не?
ІІІ топ. Ізденушілер тобы.
1. Жұлынның ұзындығы?
2. Жүйке жасушалары неден тұрады?
3. Ақ зат дегеніміз не?
4. Медиатор дегеніміз не?
5. Сұр зат жұлынның қай жерінде орналасқан?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Оқушылар постерлер арқылы жаңа сабақты меңгереді.
І топ.
Мидың құрылысы.
ІІ топ.
Мидың қызметі. <
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>