br/> Бабаларың үйде туып, түзде өлген,-
деген өлең жолдарынан Мәңгілік болашақты ұрпақтарымыз жалғастыратыны аңғарылады емес пе?
Ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі жастардың ойы ұшқыр,көзі қырағы, пікірі жүйелі. "Мәңгілік Ел идеясы" атты тақырыптық әңгіме өткізу барысында замандастарымның жүрегінен шыққан құнды пікірлерін ортаға салғанды жөн көріп отырмын:
а) ". . . мәңгілік еш нәрсе жоқ. Қажетсінген өңдейді, жаңартады, дамытады, жетілдіреді, мәңгілік етеді. Аты мен заты сақталады. . . "
ә) ". . . Халық ауыз әдебиеті үлгілері, аты аңызға айналған тұлғалар, ата қоныс мекеніміз, ана сүтімен бойға сіңген ана тіліміз, діліміз, дініміз т. б. ұрпақтар ауысса да, мәңгі жалғасын тауып келеді. . . "
б) "Мен қазақпын, үйсінмін. Менің ұрпағым да солай боп қалады. Демек, мәңгілік нәрсе бар. . . "
в) "Ұрпақ ауысқан сайын ата-бабалардан қалған ұлттық құндылықтар-атақонысымыз, тіліміз, дәстүр-салтымыз,әдет-ғұрпымыз, ұлттық мінезіміз-бәрі-бәрі сақталса, ол мәңгілік емей немене?"
Міне,осы пікірлердің өзі жастардың саясатқа, руханиятқа қосар пікірі, ойы бар екенін аңғартқандай. Олар "Мәңгілік ел" болу үшін елдігімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік білім көшіне ілесу қажеттігін түсінеді.
"Қазақстан-2050" - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Мәңгілік Ел болу өз қолымызда десек те, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны табанды ету жолының талаптары одан да қиын екенін білгеніміз жөн. Сөзімнің соңын ақын С. Абдрахмановтың "Қазақ елі - Мәңгілік ел боп қаламыз" атты өлеңінен алынған мына үзіндімен аяқтағым келеді:
. . . Тарихта Есім ханда болды ескі жол,
Тұсында Қасым ханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең да
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>