Мәңгілік Ел-нұрлы жолы қазақтың

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Мәңгілік Ел"-нұрлы жолы қазақтың!
Ұлы Дала перзенттері - дана халқымызды Мәңгілік елге бастаған "Нұрлы жолдың" кемел ойлы кемеңгер көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында негізгі басымдықтарды айқындап бергені бәрімізге белгілі. Еліміз мәңгі жасау үшін қабылданған "100 нақты қадам-Ұлт жоспары"- Тәуелсіз Қазақстанды ізгі арманға бастайтын жол деп танылуда.
Ел болу-ата-бабаларымыздың сан мың жылдар аңсаған арманы. Біз, қазақ, не көрмедік? Халқымыз қанша қиын жағдайларды - ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілінен айырылу - барлығын бастан кешірді. Бірақ осының бәріне тойтарыс беріп, бүгінгі шуақты күнге жеткен жайы бар.
Бүгінде Ұлы арманның орындалғанын еліміздің әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан елеулі орын алатын Тәуелсіз мемлекет атануымен, тұрмысы- бай-қуатты, ұрпағы- білімді, ертеңіне сеніммен қарайтын еңселі ел болуымен, Ата Заңымен қорғалған, мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде кеңінен қолданыс тапқан мәртебелі тілімен байланыста түсіндірер едім. Зерделей қарасақ, ақиқатқа айналған армандар мәңгілік елдің іргетасы секілді. Ең бастысы,болашағымызға бағдар берер, халқымызды ұлы мақсаттарға жетелер идея бар. Ол- "Мәңгілік Ел" идеясы. "Мәңгілік Ел"-нұрлы жолы қазақтың!
Тәуелсіздік-бағымыз,тәуелсіздіктің арқасында ізгі мұраттарға жетуді мақсат етеміз. Барша қазақтың ғұмыры ұрпағының болашағын баянды етуге арналады. Бүгінгі таңда істеліп жатқан игі істердің бәрі ұрпақтарды сабақтастырады. Біздің ұрпағымыз-мәңгілік қазақтың перзенті, қазақ елінің заңды әрі тарихи мұрагерлері.
Ақиық ақын М. Мақатаев жырындағы:
Қабылдаңдар қазынаны біз берген,
Қиындықты көрмессіңдер біз көрген.
Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,<

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: