Мәңгілік қазақ елі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

гі таңда осы ыстық шуаққа шомылудамыз. Олар. . . Тек қана «Алаш», «Қазақ» деген ұғыммен ғана тыныстады. Олар. . . Толыққанды құрметтелуі қажет. Біз өз қадірімізді өзіміз кеш білетін, кеш түсінетін халықпыз. Енді кешігуге болмайды. Олар. . . Оралу керек! Олар ортамызда жүргендей сезінуіміз керек өзімізді. Біз енді олардың тазалығын, тектілігін басшылыққа алуымыз керек. Олардың рухы өлмеді, өлмейді де! Тәуелсіздік алып берген желтоқсан құрбандарының шелектеп төккен қаны, шүберекке түйген жанын біз, жас ұрпақ, ешқашан ұмытпауымыз керек!
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық.
«Қазақстан-2050» стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз. Біздердің азат ойларымыз мен кемел білімдеріміз – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қо

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: