а тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәтін
жасайды.
Балалар назарына видео ұсынылады. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Шығармашылық жұмыстарды орындайды. Жүрекшелерге көңіл-күй түрлерін бейнелеп, қонақтарға сыйлайды.
Рефлексивті түзетушілік
Ән айту:Балалар біз де мейірімділік туралы ән білеміз, соны айтайықшы.
"Мейірімділік жолымен".
Соңғы тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тіземізге қойып отырайық. Көздерімізді жұмайық. Күн нұры сіздердің төбелеріңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Бұл кұн сәулелері Сіздің бойларыңызға жақсылық пен қуаныш сезімін таратады. Барлық жақсы сезімдеріңізді жүрегіңізге жиналды. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашыңыздар.
Т: Ал енді, қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық. Сау болыңыздар!
Балалар ән айтады.
Тыныштық сәтін өткізеді.
Қонақтармен қоштасып, топқа қайтады.
Күтетін нәтиже:
Нені білді:Мейірімділік, дұрыс әрекет, адамгершілік қасиеттерінің әрбір адамнан табылатын білді.
Қандай түсініктерді игерді: Қамқорлық,кеңпейілдіклік түсініктерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Бір-біріне, жақындарға деген жан жылуы мен сыйластық қарым-қатынасын сыйлауға болатынын меңгерді.
Страницы: << < 1 | 2 | 3