6- сынып Тексерілді:
Күні:26. 11. 2015
Сабақтың тақырыбы: Металл өңдеу. Шекімелеу
Сабақтың мақсаты: Қаңылтыр бетіне әртүрлі ою-өрнектер салу әдістерін үйрету. Шекімелеу технологиясын меңгерту.
Білімділік: Металдардың түрлерін, қасиеттерін еске түсіру, жасалатын бұйымның эскизін сызып, нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ой-қиялдарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әсемдікке , төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, кез-келген ісін аяқтауға үйрету.
Сабақтың түрі:Ашық сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндірмелі сарамандық жұмыс
Көрнекілігі:Тақырыпқа сәйкес суреттер,дайын үлгілер, қаңылтыр түрлері, сызғыш, қайшы,балға, шекіме құралдары, ою-өрнек түрлері, т. б.
Пәнаралық байланыс: химия, тарих, физика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.
Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.
1. Негізгі металл өңдеу жайлы не білесіңдер?
2. Металл, қаңылтыр түрлері қандай?
3. Қаңылтырмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.
ІІ. Жаңа сабақ. Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Шеберлердің көптеген әсем бұйымдары қаңылтырдан жасалған.
Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Сонан соң оны болаттан жасалған плита үстіне ағаш балғамен соғып тегістейді. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың
бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті салып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>