едерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді
. Қаңылтырдың бетін арнайы құрал-саймандардың көмегімен шекімелейді. Мұндай құрал-саймандардың қатарына арнайы шекігіштер мен балғалар жатады. Балғалар мен шекігіштің түрлеріне байланысты олардың қызметтері де әр түрлі.
1. Метал бетін бедерлеу үшін жалпақ резина немесе қапшыққа құм салып жасаған тегіс жастықшаның үстіне қояды.
2. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін металдың бетіне қажет сурет көшіріп салу керек.
3. Салынған суреттерді бедерлегіш құралдармен нүкте, сызық бедерлерін түсіру арқылы бұйым бетін безендіріп, бедерлі өрнектер салады.
4. Ойықтары бар қалып үстіне қаңылтыр темірді қойып, әртүрлі пішіндемелер арқылы, балғамен соғу арқылы темірге дөңгелек дөңес бедер шығарылады.
5. Жасалынған бұйымды әрлеу және түс беру.
Бірінші керек материалдарды таңдап алу.
а) Қаңылтырды қию әдістері
ә)Қайшымен қию технологиясы
б) Әрлеу жұмыстары.
Екінші: Өлшенген қаңылтыр бетіне өрнек салу жолдары:
а) қағаз бетіне өрнек суреттерін салу технологиясы
ә) Ойылып алынған ою түрлерін қаңылтыр бетіне бастыру жолдары
б) Шекімелеу технологиясын үйрету
Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де қаңылтырмен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері
1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама
5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме.
6. Жіңішке сымды ұсақ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>