Күні:
Сынып: 3 "А"
Пән: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Менің туым. Болат Үсенбаев
Сабақтың мақсаты: Отан туралы білімдерін кеңейтіп мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік қалыптастыру. Өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру. Елін, жерін сүйуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс, өз бетімене жұмыс
Көрнекіліктер:
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәтінде
Біздің алар бағамыз
Кілең "5" тік болсын.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі: Балалар Отан дегенде көз алдымызға не елестейді?
(Отбасы, атамекен, туған жер)
Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз "Менің туым" өлеңі.
Авторы: Болат Үсенбаев (слайдтан өмірін таныстыру)
Жер бетіндегі мемлекеттік атаулының қай - қайсысының мемлекеттік белгісі рәміздері бар. Олай болса біздің тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. Ту, Елтаңба, Әнұран.
Болат Үсенбаев - 1955 жылы 24 наурызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған.
Ту - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран, ою - өрнек - алтын түсті. Тудың авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі р
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>